Тасадағы таланттардың өнерін танытқан “Ән ажары” атты облыстық ән байқауы өтті. Мұнда аудандардан келген 10 қатысушы өздерінің вокалдық шеберліктерін көрсетіп, бақ сынады. Ұйымдастырушылар осы сайыс арқылы жергілікті жалынды жастардың бағын ашып, қазақ эстрадасында өзіндік имиджі бар әнші атануына атсалысқысы келеді.