Міндет, абырой, ерлік» атты облыстық вокалдық байқау-фестивалі өтті. Әркез қиын да, күрделі қызмет бабында жүретін тәртіп сақшылары бүгін өзгеше қырынан танылды. Өңірдегі өнерлі полицейлер өзара ән айту бойынша сынға түсті. Осылайша, байқауға қатысушылар кәсіби қызметтерін сахнамен алмастырды.