Зардап шеккен тұрғындардың «Али-ман» дәмханасында кешкі ас ішкені анықталды. Олар көп ұзамай өздерін жайсыз сезініп, орталық ауруханаға жеткізілген. Инфекциялық бөлімшеге 28 адам жатқызылды. Олардың арасында балалар мен аяғы ауыр әйел бар.

Осы оқиғадан кейін аталған дәмхана жұмысын уақытша тоқтатты. Ал облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті мамандары, жаппай тамақтан улану дерегі бойынша тексеруді бастады.