Таңдайлық түлектер тартуы. Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округінің орталығы Таңдай ауылының 1986 жылы туған түлектері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай 7 баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Айсұлу Ниязоваға үй алып берді. Үйдің кілті салтанатты түрде табыс етіліп, ауыл болып қуаныштарын тойлады.