Ағымдағы жылы халықтың денсаулығын нығайту мақсатында шаралар ұйымдастыру үшін мемлекет тарапынан 20 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық денсаулық басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуінде айтылды. Шарада салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жасалатын жұмыстар талқыланып, ұсыныстар айтылды.