Биыл Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл. Осыған орай облыс орталығында "Тартынбай сөйлер асылмын" атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасына 20-ға жуық ақын қатысты. Мәдени шараның өтуіне облыстық әкімдік пен мәдениет басқармасы, сондай-ақ жазушылар одағының өңірлік филиалы мұрындық болды.