Бүгін, 22 желтоқсан – энергетиктер күні. Жарық пен жылудың уақытылы әрі үздіксіз берілуі тұрғындардың жайлы тұрмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Осы жауапты салада тынымсыз еңбек етіп жүрген энергетик мамандардың еңбегі қашанда жоғары бағалауға лайық.