Атыраулық жастар театры көрерменге жаңа қойылымын ұсынды. Театр сахнасында «117-пәтер» атты драмеди жанрындағы премьера өтті. Қойылымда қазіргі жастардың өмірі, бір пәтерде бірге тұру барысындағы қарым-қатынасы мен ішкі жан дүниесі көрініс табады.