Бұқаралық спортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауылында бой көтерген жаңа спорт кешені салтанатты түрде есігін айқара ашты. Көптен күткен бұл игілікті жаңалық ауыл тұрғындарының қуанышын еселеп, жас буынға тың серпін сыйлады.