Атырау қаласын жаңа жылдық безендіруге жергілікті билік 25 миллион теңге бөлген. Бұл сомаға шырша алынып, орталық көшелер түрлі-түсті жарық шамдармен әрленбек. Ал кей аймақтар бюджет қаржысын үнемдеп, өткен жылы алынған ойыншықтарды қайта іліп жатыр. Шаһарда да жаңа жылдық безендіру жұмыстары басталды.