Мемлекет басшысы жыл басында «Ana tili» газетіне берген арнайы сұхбатында елде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру адал қоғам қалыптастырудың басты негізі екенін атап өткен болатын. Президент бұл бағытта құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру маңызды екенін тілге тиек етті. Осы тапсырмаларға сәйкес, өңірлерде, соның ішінде облысқа қарасты аудан әкімдіктері тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.