Облыс әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті күйші Нұрғиса Дәуешовтің «Тиек» атты шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шараға Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі мен елімізге танымал өнер саңлақтары қатысты.