Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы заман талабына сай жаңарып, оқырман тарту бағытында ауқымды істер атқарып жүр. Кітап қоры жаңа басылымдармен толыққан. Нәтижесінде, кітап оқуға құмар азаматтардың саны артты. Жыл соңында мекеме ұйымдастырылған шараларға үнемі қатысып жүрген жандар мен белсенді оқырмандарды марапаттады.