Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық мектеп-гимназиясында педагогикалық оқулардың жеңімпаздары марапатталды. Оқу-тәрбие және арнаулы білім беру саласын қамтыған 15 бағыттағы педагогикалық оқуға 200-ден астам сала маманы қатысты. Тәжірибе алмасу, оқытудағы тың әдіс-тәсілдерді тарату бағытындағы оқу қорытындысы бойынша елуге жуық мұғалім ІІІ, ІІ және І дәрежедегі дипломдармен марапатталып, бірқатар ұстаздарға құрмет грамоталары табыстылды. Облыстық Педагогикалық оқулардың басты мақсаты - жаңашыл мұғалімнің келбетін анықтау. Оқу-тәрбие саласында үздіксіз ізденетін, көш ілгері педагогтердың тынымсыз еңбегін таныту арқылы облыстағы білім сапасын арттыруда бәсекелестік ортаны қалыптастыру. Олардың сөзінше, дәстүрлі педагогикалық оқуларға қатысуға ынталы мұғалімдердің қарасы көп. Қуантатыны сол, олардың арасында жас мамандар да аз емес. Солардың бірі алғаш рет Педагогикалық оқуларға қатысып қосымша білім беру секциясында жүлделі І орын алған, Құрманғазы ауданы, «Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубының» педагогы Нұрлы Бисенова. Аудан ұстазы «Жас инспекторлар» клубы аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие, балаларды спортқа баулудағы нәтижелі жұмыстарын көрсеткен.