Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған "Жұлдыз" балалар шығармашылығының 18-ші Республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Конкурс 4 номинация бойынша онлайн форматта өткізіледі: "вокал", "хореография", "аспаптық орындау", "әннің ишара орындалуы". Фестивальдің басты мақсаты-Ерекше білім алуға қажеттілігі бар дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық дамуына ықпал ету. Қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыру басты орында дейді ұйымдастырушылар.