Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын тойлауды Қазақ аналары жалғастырды. Дәстүрді дәріптеп жүрген ақ жаулықты әжелер бірлестігі ұйымдастыруымен Еркінқала елді мекенінде орналасқан этнопаркте мерекелік шара өтті. Ұлыс тойға жиналғандар әуелеткен әсем ән мен бұралған биді тамашалап, берекелі дастарханнан дәм татты. Ырыс тойда ұлттық салт-дәстүрімізден түрлі көріністер қойылды. Сонымен қатар қол күресі, гір тасын көтеру, қазақша күрес, арқан тартыс сияқты ұлттық ойындар ойнатылды.