Бір мандатты округтер бойынша сайлаудың алдын ала қорытындысымен Атырау облысынан Әділ Жұбанов депутат болып сайланды деп хабарлайды қазақстан ұлттық арнасының ресми сайты. Биыл Парламент Мәжілісінің сайлауы жаңа форматта - аралас жүйеде өтті. 16 жылдан бері алғаш рет Қазақстан халқы Мәжілістің депутаттарын тікелей сайлауға мүмкіндік алып отыр. Бұны өз кезегінде «ықпалды Парламент» қалыптастырудың алғышарты деп те бағалауға болады. Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттарға бір мандаттық округтерден сайлауға түсу - бұл елдің әрбір белсендісіне, өз аймағын жақсы жаққа өзгерткісі келетін, елдің дамуына үлес қосқысы келетін азаматтарға берілген тарихи мүмкіндік дейді Қазақстанның еңбек ері, композитор Илья Жақанов.