Алғаш рет Миялы-Атырау маршрутын бойынша жолаушы тасымалдана бастады. Миялыдан Атырау қаласына қарай алғашқы 50 орындық Икарус автобусы жолға шықты. Бұл автокөліктегі жолаушылар саны 23 адам. Кері қарай яғни Миялыға Атырау қаласындағы автовокзалдан 17:30 да қозғалады. Тендерге түсіп, заңды мердігер анықталған соң, тағы автобустар қосылып, түс мезілінде де аудан мен қалаға қатынау ұйымдастырылады деп жоспарлануда.