Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы құжат Ашық үкімет порталында жарияланды. Ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды Қазақстаннан экспорттауға тыйым салуды 28 сәуірге дейін тоқтата тұруды ұсынды. Айта кетейік, Ашық үкімет порталында қоғамдық талқылау 29 наурызға дейін болады.