Облыс аумағындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты жедел-жәрдем бөліміне 170 тен аса шақырту түскен. Түскі сағат 17:00 ге дейін, бұл жедел шақыртулардың 129-ы орындалған. Дені тыныс алу ауруларының шағымдары бойынша "103" номіріне хабарласқан. Жарақат жағдайына қатысты 7-еуі, жол көлік апатына қатысты 2 жағдай тіркелген. Бұл басқа күндермен салыстырғанда қалыпты жағдай екенін айтады қызметкерлер. Қала орталығындағы ауа-райы қолайсыздығына байланысты кептелістермен кешігулер орын алған. Сондай-ақ кейбір санитарлық автокөліктер қардың қалыңдығынан батып жатыр дейді облыстық жедел жәрдем бекетінің баспасөз қызметі.