Экологиялық әл-ауқат пен қоршаған ортаны қорғау әлемнің көптеген елдерінің басты міндеттерінің бірі. 155 мемлекет өз азаматтарының ұлттық заңнамаға немесе адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясындағы халықаралық келісімдерге сәйкес салауатты ортада өмір сүруге құқығы бар екенін мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі жалпы өлім-жетімнің 23 пайызын ауаның, судың ластануы және химиялық заттардың әсер етуі секілді экологиялық қауіптермен байланыстырады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2018 жылдан 2021 жылға дейін осы бағыттағы инвестициялар көлемі біршама өскен, ал 2022 жылы көрсеткіштер айтарлықтай төмендеп кеткен. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі салымдар 80,6 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50,8 пайызға аз.

 Қазгидрометтің деректері бойынша Атырау облысының Құлсары мен Атырау қалалары - ластану деңгейі ең төмен өңір қатарына ілікті.