Атырау облысына қарасты Өтешқали Атамбаев атындағы ауылға ауыз су құбыры тартылды. 33 жыл бойы тірлік нәрін тасымалдап ішкен елдімекен тұрғындары үшін бұл үлкен қуаныш болды. КСРО кезінде ферма орталығы болған ауыл, кейін тұрғын саны азаюына байланысты өркениеттен шет қалған еді. 2022 жылы ауылға газ құбыры тартылған, кейін электр желісі жаңартылған болатын. Бүгін міне, ауыз су жеткізілді. Жалпы, биыл Атырау облысы бойынша осындай 65 елдімекенге ауыз су құбырын жеткізу жоспарланған.