«Балаңыздың тәрбиесімен кім көп айналысады?» деген сұраққа Атыраулық әкелердің 55,1 пайызы анасы деп жауап берген. Расымен де, қазір өнегелі ұрпақ тәрбиелеудегі әкенің рөлі азайып барады. Ал кей әкелер баласының материалдық қажеттіліктерін толықтырсам жеткілікті деп санайды. Тәрбие берудегі әкенің рөлін нығайту мақсатында «Әке міндеті – жақсы тәрбие» облыстық слеті өтті. Толығырақ бейнесюжетте.