Негізгі Жаңалықтар СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ҚАЙРАТ ИЩАНОВ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ҚАЙРАТ ИЩАНОВ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

Қаралы хабар. Белгілі мемлекет қайраткері Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты, Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы дүниеден өтті. Ол 1950 жылы 28 қыркүйекте Атырау қаласында дүниге келген. Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған.

1972-1983 жылдары - кеңшардың құрылысшы-инженері, кеме механигі. 1983-1984 жылдары - Балықшы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1984-1990 жылдары - кеңшардың бас инженері, басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Орны толмас қазаға қызметтес болған замандастары көңіл айтты.


Бөлісу