«Арнайы және инклюзивті білім беру: өзгерістер жолында» атты өңірлік инновациялық форумның аясында Ақтау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысынан аудандардан арнайы білім беру педагогтары облыстық Балаларды оңалту орталығына келді. Сала мамандары емдеу мекемесіндегі дефектолог, логопедтер, «Монтессори» педагогтарының ашық сабақтарын тыңдады. Олар ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізу, түзете-дамытудағы үздік жаттығулардың үлгілерімен таныстырып, өзара тәжірибе алмасты.