Елдегі қақтығыс жұрттың зәре құтын қашырғаны жасырын емес. Бейбіт заманда мыңдаған әскери қызметшілер мен полицейлер жанқиярлықпен опат болды. Бүлікшілер әп сәтте бәрін ойран етті. Қаралы қаңтар. Атыраулық бір топ азамат елдегі дүрбелеңге қатысты үн қосып, пікір білдірді. Мәселені теке тіреспен емес, ауызбіршілікпен шешу дұрыс деп есептейді.