«Atyrau Urban weekend». Ішкі саясат басқармасыныңы Азаматтық орталығында өткен талқылау шарасы осылай аталды.  Мақсат  - қаланың тұрмысы мен тіршілігін жақсартуға мүмкіндік жасау, осы  бағыттағы  жобаларды саралау. Ашық талқылау алаңында  қатысушылар  бүгінгі заманғы қолайлы орта, жайлы қала қандай болуы керек, қазіргі қоғам және экология, шаһардың  тұрғындар үшін қолжетімділігі жайлы сарапшылардың ой-пікіріне қанық болды.