МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ: ЦИФРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ
Облыста 80 мыңға жуық тұрғынның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебесі жоқ. Ал 625 мыңға жуық адам сақтандырылған. Бұл – өңір халқының 88,5%-ы. Қазір медициналық қызметтердің есебі мен төлемдердің негізділігін тексеру үшін цифрлық бақылау тетіктері енгізіліп жатыр.