КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жастарды кітап оқуға баулу және әдебиетке қызығушылығын арттыру. Өңірде «Зерделі ұлт: мәдениет және таным» атты зияткерлік кездесу өтті. Республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған басқосуға мәдениет пен білім саласының өкілдері, қаламгерлер, кітапханашылар мен жастар қатысты. Олар кітапты насихаттаудың жаңа тәсілдерін ұсынып, оқырман ортасын қалыптастыру жолдарын талқылады.