Негізгі Жаңалықтар АТЫРАУЛЫҚ ПАРАДЗЮДОШЫЛАР 2 АЛТЫН, 3 ҚОЛА ЖЕҢІП АЛДЫ

АТЫРАУЛЫҚ ПАРАДЗЮДОШЫЛАР 2 АЛТЫН, 3 ҚОЛА ЖЕҢІП АЛДЫ

2 алтын, 3 қола медаль. Атыраулық парадзюдошылар Жапонияда өткен V Жазғы Пара Азия ойындарын осындай нәтижемен аяқтады. Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен өңір спортшылары құрлықтық додада жоғары нәтиже көрсетті. Жарыстан оралған параспортшыларды Атырау әуежайында жақындары мен әріптестері салтанатты түрде қарсы алды. 


Бөлісу