«ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
25 қазан – Республика күні қарасаңында Халел Досұмхамедұлы атындағы Атырау университетінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты еңбегінің ауқымды таныстырылымы өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар, зерттеуші ғалымдар қатысып ой-пікірлерін бөлісті.