АТЫРАУДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ
25 қазан - Республика күніне орай Атырауда Мемлекеттік ту көтерілді. Ту тұғыры алаңында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық және этномәдени бірлестіктер мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.