ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ
Құрманғазы ауданының Ғизат Әліпов ауылында 100 орындық мәдениет үйі ашылды. Заманауи талаптарға сай салынған жаңа ғимарат ауыл тұрғындарының мәдени тынығуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді. Енді ауылда түрлі мәдени шаралар өткізіліп, өнерпаздардың басын қосатын орта қалыптаспақ.