ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылқоға ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты аудандық семинар өтті. Жиында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және қауіпсіз орта құру мәселелері талқыланды. Басқосуға сала мамандары, педагогтер, психологтер, жоғары сынып оқушылары мен ерікті жастар қатысты.