АТЫРАУДА ASTANA VISION КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
Атырауда ASTANA VISION мамандандырылған офтальмологиялық клиникасы ашылды. Жаңа орталықта көз ауруларын диагностикалау, көру қабілетін лазермен түзету және катарактаға ота жасау қызметтері көрсетіледі. Жаңа медициналық нысанның ашылуына орай офтальмология саласындағы заманауи емдеу әдістеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.