ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ
Жаңаталап ауылында тұрғындарға арналған мобильді қоғамдық қабылдау өтті. «Әділет» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған кездесуге партия өкілдері, облыстық мәслихат депутаты, заңгерлер мен мемлекеттік орган мамандары қатысты. Қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, мамандарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.