БИЫЛ ӨҢІРДЕ 47 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖРВИ ЖҰҚТЫРҒАН
Жыл басынан бері өңірде 47 мыңға жуық ЖРВИ дерегі тіркелген. Оның 27 мыңнан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар. Қазір облыстық инфекциялық ауруханада 30 бала ем қабылдап жатыр. Мамандар аурудың алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауға шақырады.