2,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰР
Облыста 2,5 мыңға жуық адам наркологиялық есепте тұр. Тәуелділікке шалдыққандардың қатарында жастардың да болуы мамандарды алаңдатып отыр. Осыған байланысты есірткі қолданудың алдын алу, тәуелділікті ерте анықтау және дер кезінде медициналық көмек көрсету жұмыстары күшейтілмек. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасындағы профилактикаға басымдық берілуде. Тақырыпты әріптесім Индира Мерекенқызы тарқатады.