«БЕРІК НЕКЕ - БАЯНДЫ ОТБАСЫНЫҢ БАСТАУЫ»
Қызылқоға ауданында жас отбасылардың берекелі шаңырақ қалыптастыруына бағытталған кездесу өтті. «Берік неке – баянды отбасының бастауы» тақырыбындағы шараға ауданға қарасты 10 округтен жас отбасылар қатысты. Жиында отбасы құндылығы, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластық мәселелері талқыланды.