ОРТАЛЫҚ АЛАҢДАҒЫ АҚЫЛЫ ОЙЫН-САУЫҚ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР
Қалада кешкі уақытта балаларға арналған электр көліктері мен түрлі ойын-сауық құралдарын жалға беру қызметі қыза түседі. Алайда бұл қызметке қатысты тұрғындардың да наразылығы бар. Кей тұрғындар ойыншықтардың адамдар демалып, серуендейтін орындарға қойылып, өзгелерге қолайсыздық тудыратынын айтады. Тұрғындардың наразылығына не себеп? Бұл қызметке қандай талаптар қойылған? Тақырыпты Асылан Мәлік жалғастырады.