ЖАЙЫҚ ЖАҒАЛАУЫНАН 15 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ
Атырауда «Таза жағалау» республикалық акциясы аясында Жайық өзенінің жағалауы тазартылды. Өзен бойын жинауға жүзге жуық адам қатысып, 10 шақырым аумақтан 15 тоннадан астам қоқыс шығарды. Олардың қатарында еріктілер мен кәсіпорын қызметкерлері бар. Табиғат жанашырлары тұрғындарды жағалауда тазалық сақтап, қоқысты арнайы орындарға тастауға шақырды.