Негізгі Жаңалықтар "LOTUS FEST-2026": ЛОТОС АЛҚАБЫНА 40 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖИНАЛДЫ

"LOTUS FEST-2026": ЛОТОС АЛҚАБЫНА 40 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖИНАЛДЫ

Құрманғазы ауданындағы Теңіз ауылында «LOTUS FEST-2026» мәдени-туристік фестивалі өтті. Екі күнге созылған шараға 40 мыңнан астам адам қатысып, Қиғаш бойындағы ерекше лотос алқабын тамашалады. Фестиваль барысында қонақтарға түрлі мәдени және ойын-сауық бағдарламалары ұсынылды. Эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, ашық аспан астында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен қатар көрмелер мен қолөнер жәрмеңкелері өтті. Ал фестивальде тағы қандай қызықты шаралар ұйымдастырылды? Сюжеттен көрейік. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар