ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ БІЛІМ САПАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ
Жаңа оқу жылы қарсаңында облыста дәстүрлі тамыз кеңесі өтіп жатыр. Биылғы жиында білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттары мен адами капиталды арттыру мәселелері талқылануда. Басқосуға облыс әкімі Болат Ақшолақов қатысып, педагогтер мен оқушылардың заманауи білім беру бағытындағы жобаларымен танысты.