АТЫРАУДА 67 ЖЕДЕЛСАТЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ
Атырауда 67 жеделсатыны жаңғырту қажет. Қазір қаладағы 179 көпқабатты тұрғын үйде 567 лифт жұмыс істеп тұр. Алайда тұрғындар бірқатар жеделсатылардың тозығы жеткенін айтады. Оларды ауыстыру үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаржы сұратылып отыр. Тозығы жеткен лифттер қашан жаңартылады және тұрғындардың мәселесі қалай шешілмек? Әріптесім Асылан Мәлік анықтап қайтты.