"ATYRAY" телеарнасы мен "AQJAIYQ" телеарнасының арасында шығармашылық байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Батыс Қазақстан облысынан арнайы келген әріптестер арнаның тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасты. Кездесу барысында қонақтар телеарнаның жаңа маусымға дайындығын көріп, жуырда іске қосылатын заманауи студия жұмысымен танысты. Әсіресе техникалық мүмкіндіктер мен шығармашылық ізденістердің үйлесімі әріптестердің қызығушылығын арттырды.