Жасанды интеллект әр салаға біртіндеп еніп келеді. Мәселен, аграрлық және балық шаруашылығы салаларында нақты әрі тиімді құралға айналып жатыр. Каспий маңы елдерінің университеттерінен жиналған профессорлар бұл саланы цифрландырудың маңызын талқылады. Жиынға Ресей Федереациясы, Түрікменстан және Әзербайжан Республикасы, Кипр елдерінен келген мамандар қатысты.