Өңірде келешек мектептері ұлттық жобасы аясында 900 орындық екі мектеп ашылды. Бірі Жұлдыз-3 ықшам ауданында болса, екіншісі Ақсай 2 селосында бой көтерген. Заманауи талаптарға сай салынған мектеп екі ауысымда 1800 оқушыны қабылдауға дайын. Жаңа білім ордаларының лентасын қиылып, мектеп директорларына салтанатты түрде нысан кілттері табысталды.