Пиротехникалық құралды рұқсатсыз сатқандар жауапқа тартылады. Мысалы, биыл 3 кәсіпкер заңды белден басқан. Олар Арнайы сертификаты болмаса да, бизнес иелері отшашуды емін-еркін саудалап, табыс тапқан. Мұндай деректерді болдырмас үшін төтеншіліктер мен полицейлер тексерісті күшейткен. Асылан Мәлікұлы рейдке шығып келген еді, сюжетіне зер салсақ.