Теміржол тәртіп пен төзімділікті талап ететін сала. Осындай жауапты қызметке қырық жылдан астам ғұмырын арнаған жандардың бірі - Фаризат Құрмашева. Балалық шағында полиция болуды армандаған ол уақыт өте келе теміржол саласынан өз орнын тапты. Оның жары Төлепберген Құлмағамбетов та темір жол стансасында еңбек етіп, осы саланың дамуына өз үлесін қосқан.