Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің үздік студенттері марапатталды. Олар жыл бойы оқу ордасының қоғамдық өміріне белсене араласып, оның дамуына үлес қосты. «Жыл үздігі - 2025» марапаттау кеші жастардың ғылым, өнер, спорт салаларында жетістіктерін бағалау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шара барысында Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов жастардың белсенділігін жоғары бағалап, үздіктерді құттықтады.